RU

Путин: Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі ең сауатты саясаткер

«Россия 24» телеарнасындағы «Формула власти» бағдарламасының жүргізушісі Михаил Гусманның президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаты барысында Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасына ерекше назар аударылды.

Соның барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға қатысты сөз қозғап, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да білдірген пікірі келтірілген болатын.

«Қазақстан - бұл бізге мейлінше жақын стратегиялық әріптес әрі одақтас ел. Мен Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі Ресеймен қарым-қатынастың дамуын қолдайды деп сенемін. Біз бұны біліп те, көріп те отырмыз. Ал Назарбаев - аса сауатты көшбасшы. Менің ойымша, посткеңестік кеңістікте ол ең әрі нағыз сауатты саясаткер. Және соңғы уақыттарда атқарылғанның барлығы, әрине, оның шебер ұйымдастырушылық талантының арқасында, оның саяси тәжірибесінің нәтижесінде жүзеге асқанның барлығы да Қазақстанның мемлекет ретіндегі мүдделерімен ұштасады», - деді Владимир Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809811-putin-nazarbaev-postkenhestik-kenhist.html