Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Астана күні мен өзінің туған күнінің қатар келуін символикалық сәйкестік деп атады

Опубликовано:

Назарбаев Астананың туған күні мен өзінің туған күнінің қатар келуін символикалық сәйкестік деп атады.

Әңгіме барысында елбасы Астананың туған күніне тоқтала келе, өзінің туған күні - 6 шілде мен қала күнінің дөп келуін қандай да бір символика байланыстыратынын атап өтті. Бұл ретте мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа астанасын салу туралы шешімнің қалай, қандай жағдайда қабылданғанын да еске салды.

«1994 жыл болатын. Кеңес Одағы ыдырап, күйреген тұс. Мемлекетте зейнетақы, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төлейтін ақша болмаған еді, милицияның өзіне жалақы бірнеше айға дейін кешігіп жататын. Міне, осы тұста мен астананы Ақмолаға көшіру керек дедім. Жаңа мемлекетте жаңа тірек, жаңа өсім нүктесі болуы керек, бір нәрсені жаңадан салу қажет болды», - деді «Россия 24» телеарнасындағы «Формула власти» бағдарламасында сұхбат берген  Назарбаев.

Назарбаев сол күнгі парламенттегі тарихи сессияны еске түсірді.

«6 шілде күні парламентке келдім, өйткені менімен ешкім де келіспеген, мені қабылдамайтын да еді. Парламент сессиясында сөз сұрап, өзімнің туған күнімде қаулы қабылдауды өтініп, осы іске қатысты жобаны алға тарттым. Сонда бір құрметті депутаттардың бірі: «Қарашы, егер біз шешім қабылдаған күннің өзінде бұның бәрін салуға шамамен 30-40 жыл кетеді. Ал бүгін оның туған күні екен. Көтеріңкі, жақсы көңіл-күймен үйіне қайтсын, осы шешімді қабылдайық», деді. Осылайша, тарихи шешім қабылданды», - деді президент.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Астананың Еуразия құрлығының нағыз ортасында орналасқанына назар аудартты.

«Ең таңданарлығы - Астана қаласынан 14 шақырым жерден табылған қазбаларға сәйкес, елорданың астында байырғы Бозоқ қаласының орны бар болып шықты. Бұл ғұндардың астанасы болған, яғни бір замандардағы нағыз орталықтың өзі еді», - деді Назарбаев.

Сонымен қатар президент Астана қаласының бүгінгі қарқынына тоқтала келе, елорданың нағыз бейбітшілік пен келісім қаласына айналғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Астана бұл Жер бетіндегі «Иранның бас имамы мен Израйль раввині бір-бірімен амандаса алатын» бірден-бір орыны екенін еске салды.

«Шынымен, бұл жалғыз осындай орын. Әрине, бұл жақсы емес пе?! Олар осыдан бастап бір-біріне жұдырық ала жүгіргенше, әңгімелесуден бастағанның дұрыс екенін Астанаға келгенде сезіне бастайды», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/809849-nazarbaev-astananynh-tughan-kuni-men-oz/

pixel