RU

Мамандар әлемдегі ең қауіпті сусынды атады

АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау орталығының зерттеушілері ең қауіпті сусынды атады. Олардың пайымынша, адам денсаулығына шикі сүт көп қауіп төндіреді. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Осындай сүт адам ағзасына қауіпті, түрлі дерттердің тууына себеп болатын, тіпті, кей жағдайларға өлімге әкелетін сальмонелла, листерия және осы сынды тағы басқа да бактериялардың көбеюіне жағдай жасайды екен.

Осылайша, шикі сүтті пайдалану денсаулықтың нашарлауына әсерін тигізуі мүмкін.

АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау орталығында шикі сүттегі зиянды бактериялар тек 15 секундтан кем емес 72 градустан астам ыстық температурада қайнатқаннан кейін ғана жойылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/809894-mamandar-alemdegi-enh-qauipti-susyn.html