RU

69 жасында диплом алған Орал университетінің түлегі магистратураға түсетінін айтты

Оралдағы Қазақстан ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің түлегі Мұрат Ғұбайуллинге дипломды бүгін арнайы қонақ - Қазақстан Республикасы БҰҰ жанындағы халықаралық адам құқықтарын қорғау комитетінің өкілі, әділет генерал-майоры Әбен Нұрманов табыстады.

«Бұл - білім алуға, дамуға ешқашан кеш еместігінің дәлелі», - деді Әбен Нұрманов зейнеткер түлекті құттықтап.

Мұрат Гұбайдуллиннің айтуынша, өзі уинверситетке түсіп, диплом алғаны үшін шексіз қуанышты. Ол мұнымен ғана шектеліп қалып қоймайтынын жеткізді, - деп жазады mgorod.kz.

«Әрі қарай білімімді магистратурада жалғастырмақ ниеттемін, - деді Мұрат Гұбайдуллин. - Магистратура тек осы университетте екенін білдім. ҮЕҰ құрдым, енді жер, экология үшін күрескім келеді».

Келесі жылы зейнеткер-түлек жаяу Меккеге жол тартпақ. Ұзақ сапарға денсаулығы жарайтынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/810071-69-zhasynda-diplom-alghan-oral-universite.html