Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяу Шығыс пен Африкадағы жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан алаңдаушылық танытты

Опубликовано:

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі  Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдың нашарлануына қатысты мәлімдеме таратты.

«Қарапайым халықтың зардабына әкеп соққан лаңкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаңкестік іс-әрекеттерге орай көңіл айтады.

Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықтың бөлігі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, лаңкестіктің бар түрлері мен көріністерін табанды түрде кінәраттайды және осы құбылысты түп-тамырымен құрту үшін дүниежүзілік қауымдастықты нәтижелі ұжымдық шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді деп санайды.

Қазақстан ұстанымы халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына негізделеді. Экстремизм мен лаңкестікке қарсы БҰҰ аясында бірлескен шаралар қолдану және Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі халықтың болашағы мен мүмкіндіктеріне кернеу салатын экономикалық және әлеуметтік мәселелер шешімінің жолдарын іздеу қажет деп ойлаймыз», - деп жазылған мәлімдемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/810581-tayau-shyghys-pen-afrikadaghy-zhaghdaydynh-n/

pixel