RU

Шымкенттік мұғалімнің әрекеті Қазнет қолданушыларының ашуына тиді (видео)

Еліміздегі мектептердің бірінде жасалған кезекті видео Қазнетте қызу пікірталас тақырыбына айналды. Жақында әлеуметтік желі мен YouTube-та "2+2=5 жауап қайтарғанда" деп аталатын Шымкенттің мектептерінің бірінде түсірілген бейне жарияланды.

Бейнероликке қарағанда, видео математика сабағының уақытында түсірілген. Оқушылардың бірі тақта алдында тұрып, әлдеқандай сандарды жазып жатыр.

Ашуланған мұғалім келесі сәтте оған қағаз орамасын лақтырып, алақанымен соққы береді. "Көбейтуді де білмесең, 11 сыныпта не іздеп жүрсің?!", - деп дауыс көтереді мұғалім.

Видеоны талқылаған қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Олардың бірі жасы келген әйелдің бұл әрекетін сынға алып, "мұндайларға мектеп қабырғасында орын жоқ" десе, енді бірі көбейтуді білмейтін жоғары сынып оқушысын көргенде кез-келген мұғалім ашуланатынын алға тартып, мұғалімнің әрекетін бұрыс көрмейтіндерін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/810815-shymkentte-sabaq-uaqytyndaghy-mughalim.html