RU

Қостанай облысында тауық жұмыртқасының көлеміндей ірі бұршақ жауды

Қостанай облысы Сарыкөл ауданында ірі бұршақ жауды деп хабарлады Qostanay.TV.

Куәлердің айтуынша, кей бұршақ  тауық жұмыртқасының көлеміндей болған. Бұршақ терезе шағып, көкөністерді таптап, көліктерді зақымдаған.

Ірі бұршақ суреттері әлеуметтік желіде де қаптап кетті.

Еске салсақ, өткен аптада Сарыкөлде шаңды дауыл болып, салдарынан онға жуық адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/810912-qostanay-oblysynda-tauyq-zhumyrtqasy.html