RU

Таразда анасының аяусыз соққысына ұшыраған 6 жасар баланың видеосы көпшіліктің жағасын ұстатты

Желіде ұрып-соғылған баланың видеосы пайда болды. Бейнажазба Таразда түсірілген. Алты жастағы Серік "осындай жағдайға жеткізген" анасы екенін айтуда деп хабарлайды AlmatyNews.

Бұл он минуттық видео YouTube-қа 6 шілде күні сағат 11:50-де жарияланған. Осы уақытқа дейін бұл жазбаны шамамен 40 мың адам қарап үлгерген.

Баланы "Ақниет" азық-түлік дүкенінде видеоға түсірген. Жазбада көргеніміздей, жедел жәрдем дәрігері алғашқы көмек көрсетуде. Серік жан-жағын қоршаған адамдардың сұрағына жауап беруде. Оның айтуынша, анасының ешқандай кінәсі жоқ – ол өзі оны осындай дәрежеге жеткізген. Сондықтан, анасын қорқытып, полиция шақырудың қажеті жоқ деп есептейді.

Өз анасын қорғау мақсатында болар, бала өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартуда. Роликті көрген мыңдаған адамдар бала барлығын өзінен көруге бейімделіп кеткен деп пікір білдіруде. Ал видеоны түсіру кезінде дүкенде болған адамдардың айтуларынша, бұл бала анасынан бірнеше мәрте таяқ жеп келген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/811229-tarazda-anasynynh-ayausyz-soqqysyna-ush.html