RU

"ИМ"-ге жасөспірімдерді шақырған әйел Канар аралдарында тұтқындалды

7 шілде күні Испания ұлттық полициясы Канар аралдарында жасөспірімдерді "Ислам мемлекеті" қатарына қосылуға үгіттеді деген күдікпен бір әйелді тұтқындады.

Испания полициясының мәлімдеуінше, тұтқындалған әйел Сириядағы ИМ мүшелерімен тікелей байланысты болған.

Жыл басынан бері Испанияда жүргізілген терроризмге қарсы жүргізген арнайы операция кезінде 30-ға жуық "күдікті-террорист" ұсталған.

"Ислам мемлекеті" — Сирия мен Ирактың кей жерлерін басып алған және сол жерде халифат орнатқан террористік ұйым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/811397-im-ge-zhasospirimderdi-shaqyrghan-ayel-k.html