RU

Жапонияда Шыңғысхан немересінің кемесі табылды

Жапониялық археологтар Такасима аралының маңында 15 м тереңдікте батып кеткен XIII ғасырдың кемесін тапты. Кеме Шыңғысханның немересіне тиесілі екені анықталды.

Ғалымдардың деректерінше, кеме Шыңғысханның немересі Құбылай хан басқарған моңғол армадасының құрамында болған. 1281 жылы болған дауыл салдарынан Жапония жағалауының маңында батып кеткен. Кеме өлшемдері: ұзындығы 12 м және ені 3 м.

Бұл осы күнге дейін анықталған моңғолдардың Жапонияға шапқыншылығына қатысқан екінші кемесі. Алғашқысы 2011 жылы табылған.

"Алдағы уақытта зерттеулер нәтижесінде тағы да батып кеткен моңғол кемелерін табылады деген ойдамыз", - дейді зерттеу жұмыстарының басшысы Рюкю Университетінің өкілі Йошифуми Икеда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/811727-zhaponiyada-shynhghyskhan-nemeresininh-kem.html