RU

Кубалық әнші "Қара жорға" әніне бейнеклип түсірді (видео)

Кубалық әнші Исак Реал "Алдаспан" тобымен бірлесе отырып, қазақстандағы екінші бейнебаянын жарыққа шығарды. Бейнеклипке осы жолы "Қара жорға" халық әні арқау болған.

"Ай, Мария" әніне Алматының әсем жерлерін үйлестіріп, алғашқы клипін түсірген шетелдік азаматтың көзі бұл жолы халық әні "Қара жорғаға" түскен екен.

Елімізге ең алғаш келіп "Қазақстан дауысы" бағдарламасына қатысып, "Дудар-ай" әнімен қазылар алқасын таңқалдырған жігіт біздің әндердің ритімдері мен, сөздері қатты ұнататынын жасырмады деп жазады massaget.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/811751-kubalyq-anshi-qara-zhorgha-anine-beynekl.html