RU

Ұлыбританияда алғаш рет бұлттың бетінде фильм көрсетілді (видео)

Ұлыбританияда тарихта алғаш рет бұлттың бетінде фильм көрсетілді. Британиялық суретші Дейв Линч (Dave Lynch) қозғалған бейнені аспандағы бұлттың бетіне түсіруге болатын аппарат ойлап тауыпты.

Project Nimbus аталатын құрылғыны жасауға оған химиялық физика саласындағы доктор Майк Никс (Mike Nix) көмектесті, деп хабарлайды lenta.ru.

Көрсетілім үшін бұл аппарат "Сессна 172" жеңіл ұшағының бортына орналастырылды. Тәжірибе кезінде одан шапқан жылқының бейнесі 50 метр қашықтықтағы бұлттардың бетінен анық көрінді. Енді өнертапқыштар анимацияланған суреттерді жер мен судан бұлтқа шығарып көрсету үшін әрі қарай тер төгуде.

Жалпы арт-жобаға Линч голограммаларды соғыс ұрыстары кезінде пайдалану идеясы үшін қызыққан екен. Осыған арналған баяндамада жау аймағының аспанына ежелгі құбыжықтың суретін проекциялау арқылы қарсы жақ сарбаздарының құтын қашыру ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/811902-ulybritaniyada-alghash-ret-bulttynh-beti.html