Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін суретке түсіріп жатқан ұлыбританиялық тұрғынның басына найзағай түсті

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны селфи-суретке түсемін деп өмірімен қош айтысты. Ол телефонын арнайы штативке (монопод) орналастырып, өзін суретке түсіріп жатқанда, моноподқа найзағай түскен деп хабарлайды The Independent.

 

Оқиға кешегі жексенбіде Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, найзағай ойнап жатқан сәтте бірнеше адам тау шыңына шығып, өздерін суретке түсірген екен.

The Independent хабарлағандай, дәл осы күні ұлттық паркте екі адам қайтыс болған. Екінші адамның неден көз жұмғаны белгісіз.

Ал, найзағайдан тағы екі адам зардап шегіпті. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, соңғы уақытта өзін суретке түсіремін ажал құшып жатқан адамдардың саны әлемде көбейіп барады. Біреулер көпірден, өзгелері жардан құлап кетіп жатса, тағы біреулері көлік, пойыздың астына түсіп ажал құшуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/812682-ozin-suretke-tusirip-zhatqan-ulybrita/

pixel