RU

Алматы облысында медбике нәрестені 3 мың АҚШ долларына саудалаған

Алматы облысында бала сату қылмысы әшкереленді. Прокурорлық тексеру нәтижесінде үш жылдық оқиғаның жай-жапсары белгілі болды деп хабарлайды 31 арна.

Талғар ауданындағы емханалардың бірінде қызмет еткен медбике анасы бас тартқан нәрестені өзге отбасына сатып,  оңай олжаға кенеліп отырған.

Ішкі істер саласының мəліметінше, ол нəрестені үш мың АҚШ долларына саудалаған. Бұл жайт астыртын іске асып, бала асырап алудың тәртібі сақталмаған. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті осы уақытқа дейін 9 сəбиді сатқан.

"Қазіргі таңда 48 жасар күдікті азаматша Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынып отыр. Оның осы тектес бірнеше қылмысқа қатысының бар екені дәлелденіп отыр. Сондықтан оған қатысты тергеу амалдары жүргізілу үстінде", - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Дарын Арыстанбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/812977-almaty-oblysynda-medbike-naresteni-3-m.html