Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік жүргізген адам қаңқасы жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Кентукки штатының Луисвилл қаласында тұрғындар Jeep көлігінің тізгініне ие болған кәдімгі адам қаңқасын байқаған деп хабарлайды 24.kz.

Мистер Бонз есімді қаудыраған қаңқа қала көшелерін аралап, тіпті қасына тоқтаған жүргізушілерге басын бұрып қарауды әдетке айналдырған.

Алайда оның қасындағы жолаушы орындығына көлік иесі Эндрю Джонсон жайғасып, темір тұлпарды қосымша педальмен жасырын басқарып отырады екен.

Эндрю WDRB телеарнасына берген сұхбатында «сүйекті жүргізушіден» алған әсерлерімен бөлісіпті.

«Шын мәнінде адамдарға еркін күлкі сыйлай білдім. Ал енді біреулерін қорқытып жатсам, оған кешірім сұраймын», - депті ол.

Көлік иесі жасанды адам қаңқасын 2 жыл бұрын Хэллоуин мерекесі кезінде сатып алыпты. Кей кездері Эндрюді көлік тізгінінен көріп қалған тұрғындар одан Мистер Бонзды сұрайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/813242-kolik-zhurgizgen-adam-qanhqasy-zhurtty-t/

pixel