RU

Алматыда үлкен тас алма пайда болды

Оңтүстік астананың орталығында қала көркін аша түскен үлкен тас алма пайда болды.

Мүсін Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында, «Рамстор» сауда үйінің қасында орналасқан. Бұл туралы Алматы арнасы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қаласының бас рәмізінде «Алматы – гүл қала» деген жазу жазылған және ою-өрнекпен нақышталған.

Естеріңізге сал кетсек, биыл қалалық гүлзарлардың көлемі 200 мың шаршы метрді құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/813485-almatyda-ulken-tas-alma-payda-boldy.html