RU

Кәмшат Жолдыбаеваға тыңдармандары ренжулі

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваға ренжіген тыңдармандар әншінің жеке парақшасына өкпе-назын айтып, көңілдері қалғанын жеткізді деп жазды comode.kz.

Жақында өткен Астана күніне орай ұйымдастырылған концертте ән салған Кәмшат Жолдыбаеваға біршама халықтың көңілі қалған сыңайлы. Себебі, бүгінде тыңдармандар өнер иелеріне реніштері мен мадақтауларын Instagram арқылы оңай жеткізуіне болады.

Сол желі арқылы Кәмшатқа көрермендері концерттен кейін бірге суретке түспей, ешкімге бұрылмастан кетіп қалғанын айтып мәлімдеді. Асыққан бикештің "қазір емес, кейін" деген сөзіне кішкентай бүлдіршіндер де бұртиып қалыпты.

"Қара халықтың арқасында көтеріліп, жұлдыз ауруымен ауырады", - деп сынға алуда. Десек те әншінің уақыт тауып, жанкүйерлерімен естелікке түскен суреттерін парқшасынан жиі көруге болады.

Айта кетерлігі, Астанаға Үндістаннан келген премьер-министрге үндінің әнін орындап берген Кәмшат көптің алғысын алыпты. Кішкентайынан сол елдің әнін сүйіп тыңдайтын ол, таяуда "Пиа-Пиа" деп ән шырқап, үнді образында бейнебаян да түсірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/813707-kamshat-zholdybaevagha-tynhdarmandary-r.html