RU

Қазақстандықтар үшін Бразилия, Куба, Чили, Малайзия және БАӘ визаны алып тастауы мүмкін

Бразилия, Куба, Чили, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) осы елдерге қазақстандықтардың визасыз баруы туралы келісімге қол қою әзірленуде.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев хабарлады деп жазады ҚазТАГ.

«Біз бүгінгі таңда біздің дипломатиялық, қызметтік төлқұжаттарымыздың иегерлері үшін визалық талаптардан босату келісімдеріне отырдық. Осыдан процесс басталады. Осының өзінде біз дипломатиялық төлқұжат бойынша 63 елмен (келісімге – ҚазТАГ) отырдық, 40-ымен – қызметтік төлқұжат бойынша және жалпыазаматтық төлқұжаттар бойынша да елдердің санын ұлғайтып жатырмыз – қазір 18 елмен бар», - деді Жошыбаев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Бізде ТМД елдерінен бөлек Гонконг бар, сол өңірден Сербия бар, Түркия, Эквадор, Оңтүстік Корея бар және бұл тізім толығатын болады дей аламын. Қазір – Бразилия, Куба, Чили, Малайзия және (Біріккен – ҚазТАГ) Араб Әмірліктері – қол қоюға әзірленуде. Және де Қазақстан азаматтарына арналған өз визалық талаптарын біржақты тәртіпте тіпті Эквадор және Колумбия сияқты алыс елдер де алып тастауда – олар да біздің азаматтар үшін сондай визасыз режімді қабылдады», - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/813776-qazaqstandyqtar-ushin-braziliya-kuba-ch.html