RU

"Меломен" тобының әншісі жақында үйленетін болды

Белгілі асаба Нұрлыбек Ерғалиев "Меломен" тобының жалғыз бойдағы, әнші Ғабиттің үйлену тойына дайындалып жатқандарын хабарлады деп жазды baistars.kz.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын бір сұхбатында: "Алладан әмір келсе, отбасын құру деген әп сәтте орындалатын іс. Бұйыртқан күні үйленемін. Ал әзірге жар болатын қыздарды қарастырып жүрмін" деген сері жігіт іздеген сүйіктісін тапқан көрінеді.

Ендеше, жуырда "О Махаббат" сынды әндерімен халықтың сүйіктісіне айналған "Меломен" тобы келінді болады. Дегенмен, тойдың қашан өтетіні  және  жүрегін жаулап алған ару туралы әзірге мәлімет жоқ.

Айта кетсек, Ғабит Әбілдаев Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/814029-melomen-tobynynh-anshisi-zhaqynda-uylen.html