RU

Президент Атамбаевқа ағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа ағасы Қалибек Шаршеновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан президенті Қалибек Шаршеновтың мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабарды өзінің зор күйзеліспен қабылдағанын және шын ниетімен көңіл айтатынын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың ағасы Қалибек Шаршенов 64-ке қараған жасында дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/814094-prezident-atambaevqa-aghasynynh-qayty.html