RU

Батырхан Шүкеновтің ұлы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне қатысты (фото)

Нью-Йоркте әнші, композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Кешке Шүкеновтің ұлы да қатысты деп хабарлады baistars.kz.

Мәдениет қайраткері Шүкенов БҰҰ Балалар қорының ерікті елшісі болды. Ол көзі тірі кезінде бұл қалаға жиі барған және БҰҰ штаб-пәтеріндегі іс-шараларға қатысып тұрған. Сондықтан достары мен туыстары еске алу кешін Нью-Йоркте өткізді.

Қазір әншінің ұлы Мақсұт анасымен бірге Флорида қаласында, ал ұстазы Владимир Заславский Нью-Джерсиде тұрады. Сонымен бірге АҚШ, Лос-Анджелес, Вашингтонда да оның көптеген достары бар. Олардың барлығы еске алу кешіне жиналды.

Әншінің Америкакадағы  тыңдармандары мен Қазақстандағы әріптестері Батырхан Шүкеновтің қапыда болған қазасына әлі де қайғыруда.

Кеш барысында қазақстандық Жанна Орынбасарова, Алтынай Сапарғалиева  әншінің "Джулия", "Твои шаги", "Нелюбимая" сынды әндерін шырқағанда жиналғандар көздеріне жас алды.

"Батырдың қазасы мен үшін ауыр тиді. Өмірімнің бір бөлшегінен айырылғандай болдым. Бірақ екеуміз біраз уақыт бірге жұмыс жасадық. Сондықтан өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Біз бірге гастрольдік сапарларға, түрлі байқауларға барғанбыз. Ол жұлдыз болған кезінде де өзгерген емес", - деп еске алды ұстазы Владимир Заславский.

"Батыр әлем адамы болды. Қазір ортамызда оның жоқтығы білінеді. Бірақ жүрегімізде мәңгі қалады. Оның әндерін ешқашан ұмытпаймыз", - деді өз кезегінде Жанна Орынбасарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/814325-batyrkhan-shukenovtinh-uly-nyu-yorkte-ot.html