RU

"Гамбург" "Астана" командасының қорғаушысын 5 млн еуроға сатып алмақ

"Астана" командасы мен Сербияның жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичті "Гамбург" командасы өздеріне шақырды деп жазды Vecernje Novosti басылымы.

Неміс командасы ойыншыны €5 млн-ға сатып алмақ. Неміс клубындағы Максимовичтің жалақысы жылына €1 млн-ды құрайды, ал келісім төрт маусымға жасалған.

20 жастағы футболшы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойыны аяқталғаннан кейін "Гамбургке" қосылуы тиіс. Бұл сында "Астана" "Марибормен" кездеседі.

Осы маусымда Максимович Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/814567-gamburg-astana-komandasynynh-qorghaush.html