RU

Қарағандыда салынып жатқан сауда үйі құлап қалды (фото)

Бүгін, 10 шілде де сағат 12:55-те Қарағандының «Алтын Арба» базарының аумағында салынып жатқан сауда үйі құлады деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдай салдарынан 33 жастағы құрылысшы жарақат алып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 450 шаршы метр аумақты алатын металл шыбықпен арматураланған ағаш жабындар құлады.

Ғимарат құлаған орынға Жедел-құтқару отрядынан 3 адам мен 1 техника, Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарынан 10 адам мен 2 техника жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/815066-qaraghandyda-salynyp-zhatqan-sauda-uyi.html