RU

Ақтау қаласының әкімі ауысты

Маңғыстау облысында кадрлық ауыс-түйістер орын алып, облыс әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен Ақтау қаласының әкімі болып Серікбай Тұрымов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстанның Әкімшілік президенті мен Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының келісіміне және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкіміне сәйкес Ақтау қаласының әкімі болып Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының да жаңа әкімдері бекітілді.

Алик Айдарбаевтың өкіміне сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімі болып Әбілов Елубай Жақайұлы тағайындалса, Мұнайлы ауданы әкімінің қызметін Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы басқаратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/815090-aqtau-zhanhaozen-qalalarynynh-zhanha-akim.html