RU

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының тағы бір топ-менеджері өз орнын босатты

Грузияның бұрынғы экономика және тұрақты даму министрі Вера Кобалия «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті.

Айта кетейік, Вера Кобалия - грузиялық және канадалық экономист, қоғамдық және саяси қайраткер, екі жыл Грузияда министр лауазымында болған.

Ол 2015 жылдың наурызында Астанаға «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары қызметіне шақырылған. Қазіргі уақытта ұлттық компанияны Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қосымша басқарып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев қазір үйқамақта отыр. Оған мемлекет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік артылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/815604-astana-ekspo-2017-ulttyq-kompaniyasy.html