RU

Астанада бетперде киген бес қарақшы жанармай құю стансасына шабуыл жасады

Астана полицейлері ізін суытпай жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған қарақшылар тобының артына түсіп, оларды ұстады.

«Астана ІІД 10 шілдеде сағат 03-тер шамасында Күмісбеков көшесі бойында орналасқан жанармай құю стансасынан күзетшіге күш қолданып, кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан жарты миллионға жуық қаражатты ұрлап кеткені жайлы хабарлама түсті», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жедел іздестіру шарасының барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат өтпей, 5 күдіктіні ұстады, олар СҚО және Ақмола облысының 22-24 жас аралығындағы тұрғындары, екеуі бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сот алды тергеу басталды.

Ұсталғандар айғақты дәлел беруде. Заттай айғақтар (пневматикалық тапанша, қолдан жасалған бетперде, ақшалай қаражат) тәркіленді. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Олардың  басқа қылмысқа қатыстылығының  бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/815616-astanada-betperde-kigen-bes-qaraqshy-zh.html