RU

Ғалымдар: Жоғары білімді адамдар ұзақ өмір сүреді

АҚШ ғалымдары зерттеу жүргізу нәтижесінде жоғары білімді адамдар ұзақ өмір сүреді деген тоқтамға келді деп жазады The Daily Mail.

Зерттеуші мамандар білім деңгейінің өмір сүруге қатысын анықтау мақсатымен 1925, 1934, 1945 жылы туған адамдарды зерттеуге алды.

Зерттеу барысында белгілі болғандай, жоғары білім алмаған адамдардың ғұмыры қысқа болған көрінеді. Бұл жерде басқа да әлеуметтік факторлар есепке алынды.

Ғалымдар адамдарды екіге бөліп зерттеді: біріншісі 18 жасында белгілі бір оқу орнын тәмамдаған адамдар болса, екіншісі университетте оқыса да, ғылыми дәреже ала алмағандар. Сондай-ақ обыр мен жүрек-қан тамырлары ауруымен қайтыс болғандар да назарға алынды.

АҚШ-та 2010 жылы шамамен 2,5 миллион адам қайтыс болған екен. Мамандар егер бұл адамдар орта білім туралы куәлік алса, шамамен өлімнің  5,8 пайызын (145243 өлім) азайтуға болар еді деп есептейді.

Дәл осы шамалас өлімді адамдар темекіден бас тартқан жағдайда азайтуға болар еді деп есептейді. Сонымен бірге 110068 адамды бакалавр дәрежесімен ЖОО тәмамдаған болса, құтқаруға болады екен.

Бұл жерде ғалымдар білімді адамның ортада дәрежесі жоғары болатынын және кірісі де анағұрлым жоғары болатынын алға тартады. Бұндай жағдайда адамның жүйкесі де анағұрлым тыныш болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/815801-ghalymdar-zhoghary-bilimdi-adamdar-uzaq.html