RU

10 жыл бұрын ұрланған туфлиді тапқан адамға 1 миллион доллар сыйақы берілмек

10 жыл бұрын қолды болған қызыл туфлидің қайда екенін айтқан адамға 1 миллион доллар сыйақы беріледі. Дәл сол туфлиді киіп 1939 жылы Джуди Гарланд «Оз елінің сиқыршысы/Волшебник страны Оз» фильміне түскен екен.

Туфлидің қос сыңарын 2005 жылы Миннесота штатындағы (АҚШ) Гранд-Рапидс қаласында орналасқан Гарланд музейінен біреу ұрлап кеткен.

Өзінің есімін құпия ұстап отырған адам осы туфлиді іздеп табуға кім көмектессе, соған 1 миллион доллар беретінін айтып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Аталған фильмге Джуди Гарленд кезекпен үш түрлі туфли киіп түскен екен. Соның бірі Смитсон институтының коллекциясында сақтаулы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/816443-10-zhyl-buryn-urlanghan-tuflidi-tappqan-ad.html