Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген "Славян базарының" бас жүлдесін ұтып алды (видео)

Опубликовано:

Жақында Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық ән фестивалінде еліміздің дарынды ұлы мен қызы бас жүлдені қанжығалады. Балалар арасындағы байқауда Луиза Нұрқуатова Гран-Приді жеңіп алса, үлкендер арасынан белгілі әнші Димаш Құдайберген жүзден жүйрік шықты.

Димаш пен Луиза жеңіске жеткен минуттан бастап барша өнерсүйер қауым, қазақ өнерінің өкілдері Димаш пен Луизаны жеңісімен құттықтауда.

Жас әнші Фарида Жолдасова алғашқылардың бірі болып инстаграм арқылы Димаш Құдайбергенді құттықтап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенов Витебскте өтіп жатқан "Славян базары-2015" эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық конкурсының бірінші күнінде көш бастады. Жас әнші 90 ұпайдың 89-ын алған болатын.

Құдайбергенов Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының Латвия өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері түгелдей ең жоғары балл берді.

Димаш Құдайбергенов Қазақстан тәуелсіздік алған 24 жылда "Славян базары-2015" байқауының жеңімпазы атанған алғашқы әнші. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады. Сайыстың екінші күнінде Димаш француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады. Димаш Құдайбергенов Гран-при жүлдесі үшін $20 мың көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Үш күн болған шарада қазақстандық әнші оқ бойы озық болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Славян базары" әлем бойынша  Беларусь елінде өтетін ең беделді байқаулардың бірі. 2010 жылы біздң елімізден дарынды әнші қызымыз Динара Сұлтан қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленген болатын. Ал биыл міне, қазақтың күміс көмей әншісі Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жарқырап, Гран-Приді жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/816881-dimash-qudaybergen-slavyan-bazarynynh-b/

pixel