RU

Қызылорда облысында ұшақ құлап, ұшқыш мерт болды

Қызылорда облысына қарасты Шәменов ауылы маңындағы күріш егістігіне тыңайтқыш сеуіп жүрген әуе көлігі құлап ұшқыш қаза тапты деп хабарлады 24.kz.

Оқиға өткен аптаның сенбі күні Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы маңында орын алған. Егіс алқабында тыңайтқыш сеуіп жүрген дельта ұшағы жоғары кернеулі электр желісіне шырмалып қалған.

Салдарынан әуе көлігі құлап, ұшақ басқарушы қостанайлық ұшқыш қаза тапты. Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы тобы келген. Қазіргі таңда апаттың мән-жайы анықталу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817238-qyzylorda-oblysynda-ushaq-qulap-ushqysh.html