RU

Алматыда арзан пәтер алып беруге уәде берген алаяқ әйел ұсталды

Алматыда полиция тұрғындарға арзан пәтер алып беруге уәде берген алаяқ әйелді ұстады деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

"Еш жерде жұмыс істемейтін әйел адам өзін жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшы етіп таныстырып және осы саладағы ықпалды таныстарын мақтан еткен болып, азаматтарға жақсы пәтерлерді "тиімді" түрде сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. (...) Қысқа мерзімнің ішінде әйелде ықтимал клиенттердің қомақты тізімі қалыптасып қалған, олар бейтаныс дерлік адамға ірі сома ақшаларын ұстатып, оның айтқан сөзіне сенген", - делінген дүйсенбіде таралған хабарда.

Полицейдің ақпарынша, ұсталушы – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы – бұған дейін де алаяқтығы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Сондай-ақ алаяқтың әрекетінен кем дегенде 15 адамның зардап шеккені хабарланады.

Осы ретте ІІД жапа шегушілердің айтарлықтай көп екенін атап өтті.

"Объективті себептер бойынша олардың кейбірі әлі де болса құқыққа қарама-қайшы көрініс туралы полицияға арызданбаған", - деп нақтылады ІІД-дан.

Мұнымен қатар ұсталушы зардап шеккендерден ақша алу дерегін жоққа шығармайды, алайда бұл қарыз екенін айтып сендіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817261-almatyda-arzan-pater-alyp-beruge-uade.html