RU

Маңғыстау облысында теңізге батып кеткен ер кісінің денесі табылды

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында құтқарушылар шілденің 11-і күні суға батып кеткен жігіттің денесін тапты. Он адамнан құралған құтқарушылар тобы мәйітті үш күн бойы іздеген деп хабарлайды BNews.kz.

Оқиға Ақтау қаласының 4-ықшам ауданда орналасқан Caspian Rivierra қонақ үйінің маңында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар пультіне адамның теңізге батып кеткендігі туралы ақпарат 11 шілде күні сағат 17:40-та келіп түскен. Құтқарушылар 1988 жылы туған Ақтау қаласы тұрғынының денесін үш күн бойы іздеп, бүгін тапты.

Айта кетейік, осыған дейін 1972 жылы туған азаматтың суға батқан денесі табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817295-manhghystau-oblysynda-tenhizge-batyp-ke-2.html