RU

Швед ғалымдары ірімшіктегі ойықтар ыдыстың таза болмауынан туындайтынын анықтады

Ғалымдар швед ірімшігіндегі ойықтар фермаларда сиырлардан сүт сауу кезінде сүт құйылатын ыдыстардың таза болмауынан туындайды деген тұжырым жасады деп жазды shyn.kz.

Сары ірімшіктегі ойықтардың пайда болуына мультфильмдердегідей тышқандардың немесе ашытқы құрамында болатын бактериялардан шығатын карбондиокситтің еш қатысы жоқ.

Бұл жаңалықты Швециядағы ауыл шаруашылығы институты сары ірімшіктерге зерттеу жүргізіп, мәлімдеді.

Сүт сауылып жатқанда шелектертерге түсетін көзге көрінбейтін майда сабан ұнтақтары сары ірімшіктердегі ойықтың пайда болуына тікелей жол ашады.

Зерттеу жүргізген ғалымдар сары ірімшіктерде ойықтардың пайда болуына көз жеткізу үшін аздаған сабан ұнтақтарын қосу арқылы нәтижеге қол жеткізді.

Бірақ, қазіргі дәуірде дамыған технологияның арқасында сиырдан сүт сауатын аппараттар пайда болды. Осының нәтижесінде сары ірімшіктердегі ойықтар азайып кетті.

Қазір мұндай ойықты сары ірімшіктер тек қана Emmental және Appenzell сияқты ірімшік түрлерінде аздап кездеседі.

Дегенмен, бұл ғылыми жаңалық басқа ғалымдар тарапынан әлі нақтыланбады.

АҚШ зерттеушісі William Clarkтың 1917 жылы  жариялаған ғылыми тұжырымдасынан соң, сары ірімшіктегі ойықтарың пайда болуына "ашытқы бактериялары" әсер етеді деген пікір қалыптасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817337-shved-ghalymdary-irimshiktegi-oyyqtar-y.html