RU

ШҚО-да жеңіл көлік қағып кеткен 9 жасар оқушы көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында 12 шілде күні кешке ВАЗ-2107 көлігі 9 жасар баланы қағып кетті. Алған жарақатының ауырлығынан екінші сынып оқушысы оқиға орнында ажал құшты.

Алдын ала деректер бойынша, ер бала жүргінші өткелінен тыс жолда жақындап келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетпек болған, деп хабарлады ШҚО Ішкі істер департаментінен.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817343-shqo-da-zhenhil-kolik-qaghyp-ketken-9-zhasar.html