RU

Жер шарындағы ең әдемі аралдың атауы анықталды

Әр елден келетін туристерді ең көп қызықтырған аралдың атауы анықталды. Эквадордағы Галапагос архипелагы әлемдегі ең әдемі арал болып танылды деп хабарлайды The Daily Mail.

Саяхат туралы америкалық Travel + Leisure журналы өткізген сауалнамаға сәйкес, Галапагос аралдарында дүниенің өзге ешбір жерінде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарларды тамашалауға болады.

Сондай-ақ бұл жер сүңгуірлердің де көңілінен шыққан. Ең бастысы, Галапагостан алып тасбақаларды кездестіре аласыз. Әдемі аралдар тізімін Бали мен Мальдив Республикасы жалғастырды. Ал олардан кейін австралиялық Тасмания мен гректің Санторини аралы орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817681-ekvadordaghy-galapagos-arkhipelagy-al.html