RU

Археологтар Ақтөбе облысында сармат тайпасы ақсүйектерінің зиратын тапты

Археологтар Ақтөбе облысында сармат ақсүйектеріне тиесілі болуы мүмкін зиратты тапты.

Тайпаластары қайтыс болғандарды сол заманғы салт-дәстүрмен жерлеген, оның ішінде алтын бұйымдар да бар. Алайда ежелгі заманда-ақ біреулер мұндағы заттарға қол сұққан көрінеді. Одан қалғандар біздің күнімізге дейін жеткен деп жазды "Экспресс К" бүгінгі номерінде.

"Мұнда сол кездің әлеуметтік элитасын жерлеген. Екі адамның мәйіті табылды, жанында құрбандыққа шалынған жылқының қаңқасы бар. Қабір біздің заманымызға дейінгі V ғасырға және ерте темір ғасыры дәуіріне тиесілі", - дейді экспедиция басшысы Арман Бисембаев.

"Бұл жұптық жерлеу болуы мүмкін. Атрибутикаға қарағанда, акинак пен оқтары бар қорамсақ ер адамның, ал күміс құйылған қола айна әйел адамның заттары екені көрініп тұр", - деген болжам айтады Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Виктор Амелин.

Сонымен қатар зерттеушілер түйе бейнесіндегі бұйданы, жерлеу рәсімдерінде пайдаланылған алтын балық пен екі аяғы бар хош иісті түтін шығаратын аспапты анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/817749-arkheologtar-aqtobe-oblysynda-sarmat.html