RU

Ұлыбританияда 101 жастағы кейуана 94 метрлік биіктіктен арқанмен түсіп, өз рекордын жаңартты

Ұлыбританияның экстремалды спорт түрлеріне әуес тұрғыны 101 жасында  94 метрлік биіктіктен арқанмен түсіп, жаңа рекорд орнатты деп хабарлады The Guardian.

Дорис Лонг 94 метр биіктіктен арқанмен түсуден өз рекордын жаңартып, әлемдегі ең жасы үлкен абсейлер атанды.

Абсейлинг әлеміне белгілі қарт әйел Портсмутте Спинакер мұнарасын бағындырды. Абсейлингті спортшы бұл ісін қайырымдылық бастамасына айналдырып жіберді.

Мақсаты - жергілікті хоспис үшін қаражат жинау. Басылым жазғандай, Лонгтің бұл әрекетіне жаңбыр мен жел кедергі бола алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/818145-ulybritaniyada-101-zhastaghy-keyuana-94-metr.html