RU

Аптап ыстықтың салдарынан алматылықтарды жедел жәрдем әкетіп жатыр

Алматыда күн ыстық болуы себепті жедел жәрдемге қан қысымы жоғарылар көптеп жүгінуде, деп хабарлады жедел медициналық көмек стансасының бас дәрігерінің орынбасары Александр Лазарев.

«Қазір гипертониктер көп шақырады және егде адамдар ыстықты көтере алмай жатыр», - деді Лазарев сейсенбі күні.

Оның айтуынша, тәулігіне 2 мыңдай шақырту болады.

Сонымен қатар, дәрігер қалалықтарға ыстық күндері су бұрқақтарда шомылудан тартыну керектігін ұсынды.

«Су бұрқақтарда шомылуға тыйым салынған, себебі ол қоғамдық орын деп есептеледі, ал оған көп адам шомылатын болса, ол санитарлық нормаларды бұзу және одан жұқпалы ауру жұқтыру әбден мүмкін», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, ыстық күндері жүрек-қан тамыры ауратындар мен егде адамдарға және балаларға далаға шығуға болмайды. Далада көп болған сәтте бас киім киіп, суды көбірек ішкен дұрыс. Сондай-ақ күн ыстық кездері алкогольдік ішімдіктерден тартынған жөн.

«Қазгидромет» РМК мәліметтерінше, 13 шілдеде Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа температурасы көпжылдық нормадан 3-7º жоғары болып және ол алдағы үш тәулік бойына сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/818311-aptap-ystyqtynh-saldarynan-almatylyq.html