RU

Алдағы тәуліктерде еліміздің алты аймағында күн ыси түспек

Қазақстанның 6 аймағында 40 градустық ыстыққа байланысты дауылдық ескертулер жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметтерінше, 14-18 шілде аралығында күндіз Қарағанды, Жамбыл облыстарында, 14-20 шілдеде күндіз Алматы облысында өте қатты +40+43°C ыстық болады деп күтілуде.

Одан басқа 14-17 шілдеде күндіз Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысында +46°C ыстық болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында 18-20 шілдеде күндіз синоптиктер +40+43°C ыстық болады деп болжауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/818346-40-gradustyq-ystyqqa-baylanysty-qazaqs.html