Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш рет Қазақстанда электронды карта жасалды

Опубликовано:

Алматы облысының тұңғыш рет электронды картасы жасалды. Кешенді карта алдағы уақытта жер қорын мұқият бақылап отыруға, сондай-ақ өзгерістерді жедел енгізуге мүмкіндік бермек деп хабарлайды Алматы арнасы.

Электронды карта елімізде жасалған тұңғыш жоба. Кешенді картаға Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сондай-ақ игерілмей жатқан және иесіз қалған жерлер, ирригациялық жүйелер, мемлекеттік маңызы бар іргелі жобалар енгізіліпті. Бұл заманауи электронды карта - облыстағы жер қорының дұрыс пайдаланылуын, сонымен қатар, нысаналы мақсатына сай қолданылмай отырған жерлерді қайтару жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Облыс аумағында ауылшаруашылық мақсатында жер қоры бойынша, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша, облыс бойынша және жүргізілген ревизиялық жұмыстар материалдарын пайдалана отырып, облыстың кешенді алқаптарының картасы дайындалды. Карта электронды түрде және қағаз нұсқасында 6 аудан, 3 қалаларға және 245 ауылдық округтерге жеке-жеке дайындалды», - деді Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Жолан Омаров.

Кешенді картаны дайындау кезінде облыс жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 234 мың гектар жер анықталса, 26 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылыпты.

Ал 60 мың гектар алқап тиісті мақсатына сәйкес пайдаланылып отыр. Электронды карта алдағы уақытта жер қорын мұқият бақылап отыруға пайдасы зор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/818539-tunhghysh-ret-qazaqstanda-elektrondy-ka/

pixel