RU

«Астана ЭКСПО-2017» басқармасының директоры қызметінен кетті

“Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының басқарма құрылымында кезекті өзгеріс. Бұл жолы басқарма директорының орнын Салтанат Рахымбекова босатты.

Салтанат Рахымбекова «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директорының қызметінен кетті. Бұл туралы өзі Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына хабарлаған.

«Мен басқа жұмысқа ауыстым», – деді ол.

Рахымбекова «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры болып 2014 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

Ол "ЭКСПО-2017" көрмесінің ұйымдастырылуына қатысты бағыттарға жетекшілік етті. Атап айтқанда: ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалану, туризм, маркетинг және қоғаммен байланыс.

Еске сала кетсек, басқарма төрағасы талғат Ермегияев үй қамақта отыр. Ол ірі көлемде өзгенің мүлкін иемденіп, ысырап еткені үшін айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/818634-astana-ekspo-2017-basqarmasynynh-direkt.html