RU

Сенаторлар халықтың балықты тоя жей алмайтынына өкінді

14 шілде де 4-ші сессиясын аяқтаған парламенттің жоғарғы палатасы бірнеше заңды бір сағаттың ішінде қабылдап, шапшаңдық танытып, балықты тоя жей алмай жүрген жұрттың да жағдайын көтерді деп хабарлайды КТК арнасы.

Сенаторлар балықты тоя жей алмай жүрген жұрттың жағдайын көтерді. Бұрын бір адам жылына 14 келі балық жесе, қазір 5-ақ келі екен.

Осыған ашынған халықтың қалаулылары балық шаруашылығын өркендету үшін мемлекеттің қолдауы мен су тоғандарын толтыруды сұрап отыр.

Сонымен қатар мардымсыз зейнетақы алатын дипломаттар мен тарихи ескерткіштердің мәселесін қозғап премьердің атына сауал жолдады.

Сессия жұмысын қортындылаған спикер Қасым-Жомарт Тоқаев болса, жыл бойы жұмыстан бас алмаған әріптестеріне алғыс айтты.

"Кәсіби әрі тиянақты жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Осы палатаның отырысын жабық деп жариялаймын.  Жақсы демалыңыздар. Рахмет", - деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді бүгін, 15 шілде де парламенттің қос палатасы біріккен жиын өткізіп, сессияны ресми түрде аяқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/818986-senator-khalyqtynh-balyqty-toya-zhey-alma.html