Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде алаңғасар жүргізуші бүтін қаланы жарықсыз қалдырды

Опубликовано:

Өскеменде жүргізушінің алаңғасарлығынан қаланың жартысы жарықсыз қалды. Құрылыс материалдары тиелген жүк көлігі электр желілерін үзіп кеткен. Салдарынан қазір 100 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қуаты 110 мың вольттық сымды үзіп кеткен жүк көлігінің жүргізушісі тіпті оны байқамай, жүрісін әрі қарай алаңсыз жалғастыра берген. Ал сым тиген жерде лезде от тұтаныпты.

Қайта оны тұрғындар дер кезінде өшіріп үлгерген. Десе де апат салдары орасан. Таңертеңнен бері қаланың жартысына жуығы жарықсыз отыр.

Трамвай да жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Оқыс оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушісін полицейлер ұстады. Енді ол қомақты айыппұл төлейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/819002-oskemende-alangasar-zhyrgizushi-bytin-kalany-zharyksyz-kaldyrdy/

pixel