RU

Келімбетов: Депозитті теңгемен ашу тиімді

Қазақстанда соңғы бес айдағы бақылау бойынша шет елдік валютамен депозит ашу көлемі 2015 жылы 521 млрд теңгеге қысқарған. Керісінше, теңгемен ашылған депозит көлемі арта түскен деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов.

15 шілде күні Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қайрат Келiмбетов депозитті теңгемен ашуға байланысты пікірін айтты.

"Қазақстандағы депозитерді кепілдендіру қоры" АҚ директорлар кеңесі нақтылағандай, теңгемен депозит ашқан әр тұлғаға 10 пайыз сыйақы өсімі берілсе, шет елдік валютада өсім жылына небәрі 3 пайызды құрайды. 2015 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша теңгелік депозит 274 млрдқа өскен. Былтырғы жылы 5,2 трлн болған теңге, биылғы мамырдағы жағдайда 5,5 трлн теңгеге жеткен. Яғни, қаржыны теңгемен сақтау тиімді әрі сенімді", - деп атап өтті Келімбетов.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы өз сөзінде сыртқы экономиканың қолайсыздығына қарамастан Қазақстан экономикасы дамып келе жатқандығын айтады. Оның мәліметінше, 2015 жылдың 1 маусымындағы ЖІӨ өсімі 2,3% құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/819834-kelimbetov-depozittti-tenhgemen-ashu-t.html