RU

Рахымбекова "ЭКСПО"-дан кетсе, "пайдасы көбірек тиетінін" түсінді

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында компаниядан кеткендігі туралы мәлімдеді.

"2015 жылдың 9 шілдесінен қоғамдық жұмыстарға ауыстым. ЭКСПО-2017 Ұлттық жобасына пайдам осылай көбірек тиетінін түсіндім", — деп жазды Рахымбекова.

Еске салсақ, 14 шілде күні Салтанат Рахымбекова «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма директорының орнын босатқанын хабарлаған болатынбыз.

Рахымбекова аталмыш қызметке 2014 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/819855-astana-ekspo-2017-uk-basqarushy-direktory.html