RU

СҚО-дағы екі демалыс лагерінде жаппай ұшынған балаларға нақты диагноз қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының екі демалыс лагеріндегі жаппай ұшынған балалардың нақты диагноздары қойылды. Олар дизентерия мен сальмонеллез сияқты қауіпті ішек ауруларын жұқтырған деп хабарлады КТК арнасы.

"Серебряный бор" демалыс лагеріндегі 69 баланың түгелінен дизентерия қоздырғышы анықталды. Бұл зиянды бактериялар оларға азпазшыдан жұққан екен. Ал Айыртау ауданындағы "Заря" демалыс лагеріндегі 21 өспірімнің сальмонеллезге шалдыққаны расталды.

Бұған кешкі асқа қолданылған сапасыз құс еті себеп болыпты. Қазір жаппай ұшыну дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Айыққан жеткіншектердің алды үйлеріне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/820321-sqo-daghy-eki-demalys-lagerinde-zhappay.html