RU

Алматыда теміржол бойында тепловоз ер адамды қағып кетті

"Алматы-2-Алматы-1" темір жолында жолаушылар пойызының құрамындағы тепловоз тыйым салынған жерде темір жолдан өткен 54 жастағы Алматы тұрғынын қағып кетті деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Оқиға темір жолдың 2 шақырымындағы өткелінде "Алматы-2-Үрімжі" бағытында болған.

Жапа шегуші алынған жарақаттар салдарынан сол жерде мерт болды. 14 шілдеде болған оқыс оқиға фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Брифингте темір жол көлігі қауіпті аймақ екені аталып өтілді. Бұған қарамастан, азаматтар қауіпсіздік техникасын сақтамайды, яғни пойыз келе жатқанына қарамай, белгіленбеген жерден өтеді.

Осылайша  өздерін, жолаушылар мен темір жол қызметкерлерінің басын қауіпке тігеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/820670-almaty-2-almaty-1-zholynda-teplovoz-er-ad.html