RU

Сарапшы: Қазақстанды теңгенің құбылмалы бағамы ғана құтқарады

Жетекші экономика сарапшылары елдегі теңге бағамына және Ұлттық банктің валюта дәлізін кеңейту туралы шешіміне қатысты түсініктеме берді, соның ішінде экономикалық шолушы Денис Кривошеев те өз пікірін білдірді.

«Нарық рұқсат берілген кеңістікті тез еңсеріп, ұлттық валюта мен өндірушілерге қысым көрсете бастайды. Осылайша, Ұлттық банк біртіндеп қимылдауға шешім қабылдады деген тұжырымға келеміз. Еліміздің экономикасы үшін теңгенің рубльмен арақатынасы 1:5 болғаны тиімді, демек доллардың бағасы 290 теңге болуы тиіс. Әлемдік нарықтағы ахуалды ескере отырып, артта қалған шикізатқа негізделген экономикаларды тек құбылмалы бағам аман сақтап қалады. Қазақстанның жағдайында ДСҰ, ЕАЭО қосымша ынталандырушы фактор болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақта девальвациялар бәсекелестігі тетігі іске қосылған», - деп жазады Кривошеев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы валюта дәлізін 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін кеңейткен еді.

Сондай-ақ Ұлттық банк 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген валюталық саясатты жалғастыратынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/820879-sarapshy-qazaqstandy-tenhgeninh-qubylm.html