RU

Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды (фото)

Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы 1961 жылы 27 қыркүйекте туған азамат Асимханов Бауыржан Оразаевичке қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.

Алаяқтық фактісі бойынша ІІД-ге 2 зардап шегуші арызданған. Залалдың ортақ сомасы 230 000-ға жуық АҚШ долларын құрады.

Зардап шегушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Алаяқтық әрекетер фактісі бойынша азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатыр.

Асимханов Бауыржан Оразаевичтың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Астана қаласы ІІД-ге мына телефондар арқылы: 8(7172) 716334, 71-62-26, сондай-ақ 8 701 720 44 53, 8 778 465 73 46 ұялы номерлеріне хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/821405-asa-iri-kolemdegi-alayaqtyq-faktisi-bo.html