Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаеваның жаңа фильмі күзде жарыққа шығады

Опубликовано:

Продюсер Баян Есентаеваның "Махаббатым жүрегімде 2" телехикаясы күз айында отандық телеарнадан көрсетілмек. Бұл туралы жас актриса, «Қазақ аруы – 2014» ұлттық байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Фильмнің жалғасы шытырман оқиғаларға толы болмақ. Телехикаяның аяқталуына аз уақыт қалды. Фильмді күз айында «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар», - деп жазды Гүлназ.

Телехикаяның басты рольдерін Гүлназ Жолановадан бөлек, Жанар Дұғалова, Тәуекел Мүсілім және Баян Есентаеваның өзі сомдайды.

Әзірге фильмнің желісі туралы ешқандай мәлімет жоқ, продюссер оны құпия сақтауды жөн санаған секілді.

Баян Есентаева аталған фильмнен басқа "Ғашық жүрек", "Ғашық жүрек-2", "Тракторшы махаббаты", "Абайлаңыз, сиыр!" картиналарының авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/822244-bayan-esentaevanynh-zhanha-filmi-kuzde-zh/

pixel